Ресейлік “Память народа” сайтындағы “КНИГА ПАМЯТИ” кітабының 98 бетінде Абдолла Жұмағалиев туралы тілдей деректе оның туған өңірі “Джамбулская обл.” - деп, ал өлген мезеті жайлы “1941 жылы 26 қазанда Щекино селосында” - деп көрсеткен.
Ұлы Отан соғысындағы архив деректерінде Жымпиты атауы орысша “Джымпитинский”, “Джамбейтинский”, кейде “Джампата” - деп те келе береді. Батырдың туған жері неге “Джамбул” болып кеткені түсінікті шығар.
Щекино мен Новинки ме?!
Щекино - Новинкидан сәлі бері , 12 шақырымда жатқан ауыл. Өлкетанушы Нұржан Төлепов Григорьевтің ротасы Щекино селосына жетіп бекінген деп топшылайды.
Иә, Абдолла қаруынан соңғы оқ атылғанша, кеудесінен соңғы дем шыққанша айқасты. Тектілік пен адалдық бір жүректе қабысса, осылай болады.
Оның ақырғы айқасы өткен мекен Новинки ауылының ішінде орналасқан.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Жымпиты - Мәскеу