АРДАГЕР ХАМЗА «ТІРІЛГЕН» КҮН

АРДАГЕР ХАМЗА «ТІРІЛГЕН» КҮН
АРДАГЕР ХАМЗА «ТІРІЛГЕН» КҮН
Ұлы Жеңіс мерекесінің 80 жылдығы қарсаңында Жымпиты ауылы орталығында есте қаларлықтай тарихи күн болды
Оның басты кейіпкері Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар партия, кеңес саласында маңдай терін төккен, соңғы жылдары облыстың Жымпиты аудандық мұрағатының директоры қызметін атқарған Хамза Мерғалиевке ескерткіш тақта орнату еді.
Хамза Мерғалиевке аудандық мұрағаттың қабырғасына ескерткіш тақта орнату салтанатты жиынына аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры Бек Жәңгіров, мұрағат саласының ардагері Сәндеш Өтеуова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, Х.Мерғалиевтің ұрпақтары, ағайын-тумалары, жымпитылық ағайындар қатысты
Салтанатты шара басталмас алды бір минуттық үнсіздік жарияланып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым етілді.
Шараның алғы сөзін сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қонақтарға қош келдіңіздер айтып:«Хамза ата сияқты ардагерлердің өнегелі істері жас ұрпаққа үлгі - өнеге екендігін, бүгінгі шараның өзі тарихи мәні зор, ұрпақ айта жүрерліктей тағылымды оқиға болмақ»,— деді.
Тарихи мәні зор шарада соғыс және еңбек ардагері Хамза Мерғалиевке арналған ескерткіш тақтаны ашу құрметіне Хамза атаның інісі Лұқпан Мұхамедиев және облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры Бек Жәңгіров ие болды.
Шарада сөз сөйлеген облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры Бек Жәңгіров осындай өркенді істің ұйытқысы бола білген ұлы Бейбіт Мерғалиевке алғыс хат тапсырды.
Салтанатты шарада мұрағаттың ардагері Сәндеш Өтеуова, Хамза қарияның інісі Лұқпан Мұхамедиев, қызы Нэйля Хамзақызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев сөз сөйледі.
Шара соңында аудан орталығындағы «Жолаушы» мейрамханасында соғыс және еңбек ардагері Хамза Мерғалиевтің рухына арналып, дастарқан жайылып, дұға оқылды.
«Сырым елі»