ЕҢБЕКТІҢ БАҒАСЫ - ЖЕҢІС МЕДАЛІ
Сарой ауылдық округіндегі тыл еңбеккерлерінің өңіріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар тағылды.
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың қолымен куәландырылған мемлекеттік наградаларды Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерболат Ахметов тапсырды.
Еңбек есейткен жанның бірі - Сағидолла Қажиахметов. Бүгінгі күні ол жас ұрпаққа бейбіт күнді бағалауды, барды қадірлеуді тапсырып отырады.
Ал, Орал қаласында тұратын Лима Жұмағұлованың медалін округ әкімі Айбол Жакиев арнайы алып барды.