БҰЛАННЫҢ БОЛАШАҚ ӘКІМІ КІМ?!

БҰЛАННЫҢ БОЛАШАҚ ӘКІМІ КІМ?!
БҰЛАННЫҢ БОЛАШАҚ ӘКІМІ КІМ?!
18 мамыр күні Бұланда ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
Сырым ауданының орталық сайлау комиссиясының хабарлағандай, бұл лауазымға үш адам үміткер. Олар - Тұрар Камалов, Айдарбек Көлбаев және Ерболат Мұқанов.
Кеше кандидаттар ауыл тұрғындарының алдында үш кезеңнен тұратын пікірсайыс өткізді . Кезек жеребе суыру арқылы анықталды. Бірінші кезеңде үміткерлер өз өмірбаянымен қоса еңбек жолын және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, екінші кезеңде өзара сұрақ-жауап алмасты. Ал соңғы кезеңде ауылды көркейтуге ниет білдірушілерге тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын жолдады.
Округ әкімінің алдында қандай міндеттер тұр?!
Олар - тозығы жеткен әлеуметтік нысандарды жөндеу, ауылдың ішкі жолдарын күтіп ұстау, мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде ауылдарды дамытуға арналған бағдарламалардың округте жүзеге асырылуына бастамашы болу. Мал шаруашылығының дамуы, түлік басының көбеюі, мал азығын молайту және сапалы дайындау да маңызды.
Тұрар Камалов Шідерті өзені бойынша балық шаруашылығын дамытуға көңіл бөлмек екен.
Ауыл әкімі атануға үміткер Ерболат мырза бәсекелесі Айдарбек Көлбаевтан Жамбыл ауылындағы мектептің жайы, бала санының аздығы туралы өзекті мәселенің шешімін сұрады.
Айдарбек Фархадұлы ауылда халықты тұрақтандырудың жалғыз жолы - кәсіп деп отыр. Кәсібі табысты адам ауыл өміріне әсер ете алады. “Қаладан ауылға” бағдарламасы - қаладағы жастарды ауылға тартудың, тұрақтандырудың зор мүмкіндігі.
Пікірсайыстың үшінші кезеңінде тұрғындар болашақ әкімдеріне сауал қойды.
Халық балалар арналған ойын алаңы керек екенін, табынға аталық бұқалар қосу, интернет сапасының төмендігі секілді мәселелерді қалай шешпегін сұрады.
Осы күні Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов Бұлан ауылының белсенді азаматтарымен жүздесіп, сайлауды ұйымдастыру және Заңға сай өткізу жөнінде түсіндірме отырысын өткізді.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“Сырым елі”