Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов Бұлдырты ауылдық округінде тұратын тыл еңбеккерлерін
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады.
Округ әкімі Салауат Нұрпейісовтың айтуынша, Бұлдыртыда 8 тыл еңбеккері тұрады.
Оларға Жеңіс медалі мен Мемлекет басшысының қолы қойылған куәліктерді тапсырған Қайрат Нұржанұлы үлкен буынға амандық, ұрпақ қызығын тіледі.
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады.
Қариялардың қай - қайсысының да өмірі -еңбек адамдары үшін үлгі.

Сырым ауданы әкімдігі