Олар - соғыс дәуірін кинодан емес, көзімен көрген адамдар. Олар әкелері майданға аттанғанда аналарының жылағанын көргендер. “Батыр балалар” елдің еңсесін, әлеуметтік ахуалын еңбекпен көтеру ұраны тасталғанда ту астынан табылды. Бүгінгі күннің зейнеті - олардың көрген бейнетінің өтеуі.
Жосалы ауылдық округіндегі қарияларға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдарын Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов пен Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева аяқтай апарып тапсырды.
Міне, Ақорданың ақ сәлемі Жосалыға да жетті.