ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 3 сәуірдегі #829 Жарлығымен сырымдық көпбалалы аналар - Гүжайнар Есенжолова, Айдана Кубиева, Гауһар Сұлтан және Гүлжазира Шарапиева “Күміс алқаға” ие болды.
Конституциямызда мемлекеттің ең басты байлығы - адам деп көрсетілген. Біз оған, ең бай жанұя - көп балалы жанұя дегенді қосар едік. - Баланы дүниеге әкелу секілді оны қоғамға үлескер етіп тәрбиелеу де маңызды. Сіздерге демографиялық ахуалдың артуына үлес қосқандарыңыз үшін ғана емес, қазақ болашағының салауатты, сапалы өкілдерін тәрбиелеп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын! - деді Қайрат Нұржанұлы.
Салтанатты қабылдау сәтінде аналар отбасылық институт, еңбек тәрбиесі туралы әңгіме қозғады.