ЖЕҢІС РУХЫН ЖҮРЕКТЕ САҚТАҒАН ҰРПАҚ

ЖЕҢІС РУХЫН ЖҮРЕКТЕ САҚТАҒАН ҰРПАҚ
ЖЕҢІС РУХЫН ЖҮРЕКТЕ САҚТАҒАН ҰРПАҚ
Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Сырым жауһарларының” ҰОС ардагерлерінің ұрпақтармен кездесу отырысы өтті.
Ұлы Отан соғысының маңызы мен тарихи мәнін ұрпаққа жеткізу, ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу арқылы тарихқа деген құрметке тәрбиелеу мақсатында өткен игі іс-шараға ардагер ұстаздар, көп балалы аналармен оқушылар қатысты.
Кездесуге ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Берік Жанболсынов, ардагер ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Сания Отарова, ардагер ұстаздың ардагер ұрпағы Дариға Қонақбаева , ардагер ұрпақ Зоя Тұралбекова, тарих пәні мұғалімі Ербол Ғани арнайы шақырылып, сөз сөйледі.
Аталған шараны “Сырым жауһарлары” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Бахитова жүргізді. Ол “Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет.” - деген, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен мысал келтіріп, жиынның негізгі мақсатын ашты.
“Мұрагер рухқа тағзым еткен ұрпақ” тақырыбымен өткізілген жиында мектеп оқушыларының орындауында Ұлы Жеңіс тақырыбында өлең жолдары оқылып, патриоттық әндер шырқалды.
Кездесудің қорытынды сөзін Ләззат Болатқызы сөйледі. Келген қонақтарға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қ.Жеңісұлы,
«СЫРЫМ ЕЛІ»