КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ - АБДОЛЛА!

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ - АБДОЛЛА!
КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ - АБДОЛЛА!
Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов Батыс Қазақстан облыстық өңірлік телекоммуникациялар алаңында ақын, Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Абдолла Жұмағалиевтің 110 жылдығын атап өту туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Мамыр айының 6 жұлдызы күні Жымпитыда аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, соғыстан оралмаған жауынгер Абдолла Жұмағалиевтың атындағы «Жеңісті жақындатқандар және ескерілмеген ерліктер» тақырыбымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция 5 секция бойынша жұмыс жасайды.
Ғалымдар, тарихшылар мен студенттерге зерттеу нысанасы ретінде 1941 – 1945 жылдардағы батысқазақстандық солдаттардың мұрағаттағы беймәлім ақпараттары, А.Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығы, тарихтағы алынбаған бағасы, соғыс шарпыған қазақ аудандары, ескерілмеген ерліктер, әскери лагерь күнделіктері секілді тақырыптар ұсынылды.
- Абдолла тарихтан өз бағасын алуы тиіс. Конференция асыл ер жаңа қырынан ашады, өмірі мен өліміне жас ұрпақ жаңадан баға береді деп сенеміз. Екіншідүниежүзілік соғыста аталарымыз ерлік көрсетті, жан қиды. Соғысты ұмыту - аталар ерлігін ұмыту. Жеңісті жақындатуға атсалысқан әр солдатты құрметтейміз. - деді Серік Тоқмамбетов.
Шара жұмыстарының үйлестірушісі - С. Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбайдың айтуынша, конференцияға ұсынылған баяндамалар жинақ болып басылмақ.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы