СЫРЫМ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

СЫРЫМ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ
2024 жыл Сырым ауданы үшін құрылыс жылы болғаны рас.
Былтыр халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 45 тұрғын үй салынды.
Сондай-ақ жеке тұрғындар да үй - жайларын сайлап, сәулетті баспаналар салып, ауылдың ажарын ашуда. 2024 жылы жеке сектор есебінен құны 360 млн. теңге болатын 30 тұрғын үй құрылысы жүргізілді.
Өткен жылы ауданымызда жалпы құны 4,3 млрд. теңгеге 15 120 шаршы метр болатын, 197 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.
Жымпиты ауылының Алаш Орда көшесін электр шамдармен жарықтандыру және Алаш Орда және С.Датұлы көшелеріндегі газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Өлеңті ауылында 30 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы, Жымпиты ауылында «Сырым» колледжі жатақханасының ғимараты, Тоғанас ауылында демалыс орталығының құрылысы, аудандық электр торабы ғимаратының және Тамды ауылында спорт алаңының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген болса, қазіргі уақытта Жымпиты ауылында өрт сөндіру бекетінің және аудандық кітапхана ғимаратының, Бұлдырты ауылында дәрігерлік амбулатория және Шағырлой ауылында медициналық пункт ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс 2025 жылы да тоқтамайды. Биыл ауданымызда 40-тан астам тұрғын үй және 8 инфрақұрылымдық және кәсіптік объекті салынып, пайдалануға беріледі деген жоспар бар.
Артур ИСКАКОВ,
Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы