ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН СҰХБАТ

ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН СҰХБАТ
ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН СҰХБАТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне берген сұхбаты символдық сипатқа ие болды. "Ана тілі" басылымы еліміздегі журналистиканың тірегі саналады.
Түрлі мәселені қозғай келе, Президенттің қаңтар оқиғасына қатысты айтқаны ерекшеәсер етті. Президент "Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, сондай-ақ қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді" деді.
Мемлекет басшысы еліміз үшін өткен жылдың оңай болмағанын атап өтті. Түрлі техногендік сипаттағы апаттарға дайын болуымыз керектігі туралы айтты. Жан-жағымызда болып жатқан түрлі геосаяси ахуалға қарамастан, Қазақстан бейбітшілік диалог орнату жолында екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен айына бір рет телефон арқылы хабарласып тұратынын, оның елімізге сіңірген тарихи еңбегі бағалауға тұрарлық екенін айтты
Қасым-Жомарт Кемелұлы "Президент – "Құдайдың жердегі көлеңкесі" емес, мемлекетті басқару үшін белгілі бір мерзімге сайланған менеджер ғана» екенін айтты.
Ғилаж ҚАНАЛИЕВ,
Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.