«ЖАУҚАЗЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ

«ЖАУҚАЗЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ
«ЖАУҚАЗЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЕНШІЛЕДІ
Орал қаласында өткен «NURLY» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық «NURLY FEST» көпжанрлы өнер байқауында сырымдық «Жауқазын» би ансамблі бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаз би ұжымы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына тегін жолдама алды.
Ерекше дарынмен көзге түсіп, оза шапқан жауқазындықтардың үлкен тобы «Ерке сұлулар» би композициясымен бас жүлдені еншілесе, «Шашу» қазақ биімен орта топ І орынды иеленді.
Үлгілі «Жауқазын» би ансамблінің жетекшісі Бахтыханым Жұмағалиева «Үздік жетекші» аталымымен марапатталды.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА