Сәбит Өмірзақов еңбек жолын 2010 жылы Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жөніндегі бөлімінде бас маман болып бастады.
2011-2018 жылдар аралығында Сырым аудандық жұмыспен қамту орталығында маман болды.
2018 жылдан осы кезге дейін Сырым аудандық мансап орталығының құрылымдық бөлімше басшысы қызметін атқарды.
Бүгінгі таңда қазақстандық жанұялардың әлеуметтік мәселелерін шешу тетігі ретінде - олардың табысын арттыру, мамандық игеру, кәсіпке ынталандыру жұмыстары қолға алынуда. Сәбит Өмірзақов басқаратын мекеменің мойынында осындай үлкен міндет тұр.