Мәселен, бүгін Жымпиты ауылындағы мекеме қызметкерлері жұмыс күнін кеңседен емес, көшеден бастады. Алашорда, С. Датов, С. Сейфуллин, Амангелді, Қарасу мөлтекауданындағы Асадуллин, Қ. Сүйірбаев секілді көшелердің бойындағы шөптер шабылып, ретке келтірілді.
Округ әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, ауыл көркін келтіруге 70 - ке жуық адам үлес қосқан.
Экологиялық акциялардың жалпыхалықтық сипат ала алмай тұрғаны шындық. Қоқыс жинайтын да, шөп шабатын да - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Әр үй, әр тұрғын тазалықты сүйсе дейсің!
Бірақ жымпитылық Яков Ғазизовты көріп, туған ауылын ерекше жақсы көретін жандардың бар екеніне сенесің.
Бүгін Яшка ағамыз шалғысын асынып, Амангелді көшесінің бойына шықты.
- Ауыл таза болса, көңіл де таза! - дейді Яков мырза.