– Барша ер азаматтарды 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Халқымыз – ер елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген сөздерімен ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қояды. Қашанда Отан кеудесін отқа тосқан әкелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету – біздің перзенттік парызымыз. Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуі тиіс. Бүгінгі буын Жеңіс сарбаздары бабалар алдында мәңгілік қарыздар. Бұл күн – ерекше мереке. Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерлік пен батырлықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміздің, Ауғанстанның отты жылдарынан өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Уақыт алмасады, жылдар өзгереді. Бірақ, Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Біздің ауданымыз бүгінгі күнде өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлес қосуда,- деді Жұмгелді Жолдыбайұлы.
Ауданның өсіп-өркендеуіне, өңірімізде орын алған су тасқынының салдарын жоюға және оған қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді атсалысқаны үшін 38 азамат-азаматша аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.