“БҰЛДЫРТЫ ҮЗДІК КЕЛІНІ - 2024”: АЛТЫ КЕЛІН, 6 КЕЗЕҢДЕ БАҚ СЫНАДЫ

“БҰЛДЫРТЫ ҮЗДІК КЕЛІНІ - 2024”: АЛТЫ КЕЛІН, 6 КЕЗЕҢДЕ БАҚ СЫНАДЫ
“БҰЛДЫРТЫ ҮЗДІК КЕЛІНІ - 2024”: АЛТЫ КЕЛІН, 6 КЕЗЕҢДЕ БАҚ СЫНАДЫ
Бұлдырты ауылында жылдың ең үздік келіні анықталды. Ауылдың жас кәсіпкерлері Гүлназ Рысқалиева, Эльмира Қапсанова ұйымдастыруымен, мәдениет үйі қызметкерлерінің қолдауымен “Бұлдырты үздік келіні-2024”атты келіндер сайысы өтті.
Байқау барысында келіндер ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық салт- дәстүрімізге қаншалықты жетік екендерін танытты.
Алты кезеңнен тұратын байқауға 6 келін бақ сынасты. Алғашқы айналымда өздерінің шыққан тегі, халқымыздың әдет - ғұрыптарына тоқталса, екінші кезеңде шығармашылық қабілеттерімен сынға түсті.
Яғни, қатысушылар өздерін сахнада ұстау әдебі мен музыкалық өнерлерін ортаға салды. Арнайы тағайындалған әділ қазылар алқасы, қатысушылардың дайындаған тағамдарынан дәм татып, әділ бағасын берді.
Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлде “Бұлдырты үздік келіні - 2024" аталымын Әсемгүл Серікбаева жеңіп, отбасылық фотосессияға сертификат ұтып алды.
І орын Алтынай Жамбыловаға (СПА-ға сертификат), ІІ орын Ақгүл Аманға (шаштаразға сертификат), ІІІ орын Құндыз Қуанышеваға (киім дүкеніне сертификат) бұйырды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздардан бөлек, аталым иегерлері анықталды.
Атап айтсақ, "Өнерлі келін" аталымына Айгерім Иманғалиева, “Үздік аспаз” атағын Гүлсім Жұмалиева иеленді.
Номинация иелеріне толық массажға және тәттілерге (10 мың теңгелік) сертификаттар ұсынылды.
Шараны ұйымдастырушы жас кәсіпкерлер, жеке кәсіпкер Мәлік Бисенов, Ирина Сатанғалиева, ауыл тұрғыны Гаухар Досқалиевалар ақшалай және естелік сыйлықтармен демеушілік көрсетті.
Сәния ҒАНИЕВА,
Бұлдырты ауылы