КІТАП БАР, ОҚЫРМАН ҚАЙДА?

КІТАП БАР, ОҚЫРМАН ҚАЙДА?
КІТАП БАР, ОҚЫРМАН ҚАЙДА?
Кітапхана – ақыл мен білімнің ордасы. Кез- келген кітаптың мәтінін интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек.Керекті кітабыңды қолыңа алып парақтап оқығанға не жетсін.Кітап оқу- тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін пайдалы іс.
Бүгінде кітапхана қоры ой-өрісімізді кеңейтетін,ойлау мен есте сақтау қабілетімізді жақсартатын ең қызықты ертегілермен, сансыз сұраққа жауап беретін энциклопедиялар мен көркем суретті балалар кітаптарымен, таңдамалы әдеби жаңа шығармалармен толығуда.
Мысалы, Ш. Құрманбайұлы «Жаңа атаулар мен қолданыстар сөздігі», Қ.Нұрмаханов «Жошы хан – көшпенді тайпаның ұлы», А.Бақтыгереева «Ана жүрегі», Ж.Жағыпарұлы « Қарасарт» повестер мен новеллалар, Ж.Әбдішова «Дүние - бекет,адам - керуен» хикаяттар мен әңгімелер, Б.Ілиясов, Д.Шалқаров «Ерлікке толы ғұмыр», А.Сатаев «Таңдамалы шығармалар», М.Қазыбек «Ғалам таныған ғұлама» жасөсіпірмдер мен балалар үшін А.Жақиянова «Апа, сені сағындым», Б.Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат», М.Етекбаев «Алатау ертегілері», Қ.Омарұлы «Әке», М.Барфилд « Комикстегі әлем тарихы», «Комикстегі жаратылыстану» т.б. әдеби кітаптар сіздерді күтуде.
Жақсы кітап –рухани азық.Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ұрпағымыз білімді болуы қажет. Білімді болайық, кітап оқыңыздар!
Әсия АМАНБАЕВА,
Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі