«BEREKE BANK» 25 ОТБАСЫНА 30 000 ТЕҢГЕЛІК СЕРТИФИКАТ ТАРТУ ЕТТІ
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Bereke bank» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Сырым ауданындағы аз қамтылған, көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек ретінде 30 000 теңгелік сертификаттар ұсынды.
25 отбасына арналған сертификатты иелеріне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева табыс етті.
Сертификатқа ие болған тұрғындар көрсетілген 30 000 теңге қаржыға Орал қаласындағы «Пешеход» сауда орындарынан өздеріне қажетті тауарлар ала алады. Сертификатпен алкоголь және табак өнімдері ғана берілмейді.
«Bereke bank» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының көмегін алушыларды ауылдық округ әкімшіліктері ұсынды.