БҰЛДЫРТЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

БҰЛДЫРТЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
БҰЛДЫРТЫДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Бұл күн ата-бабамыздың аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи күні Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті.
Ауыл әкімі Салауат Нұрпейісов барша ауылдастарын бүгінгі мерекемен құттықтап, ауылымызды көркейтіп, өркендеу мақсатында үлес қосып жүрген бірқатар мекеме қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Сондай-ақ, Республика күніне орай, мекемелер арасында ұйымдастырылған спорттық шаралардан орын алған мекемелер марапатталды.
Мектепішілік хор байқауында бірінші орын алған 3 «а» сыныбы да осы концертте ерекше өнерін көрсетті.
Сания ҒАНИЕВА,
Бұлдырты ауылы