Екі мың қазақстандық әйел IT-Aiel бағдарламасы аясында IT-мамандықтарға тегін оқытылады

Екі мың қазақстандық әйел IT-Aiel бағдарламасы аясында IT-мамандықтарға тегін оқытылады

Екі мың қазақстандық әйел IT-Aiel бағдарламасы аясында IT-мамандықтарға тегін оқытылады

 

Astana Hub Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2000 әйелдерді оқытуды бастайды.

18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады және No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарлама қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялары және т. б. тұрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйелдер бар, олардың 34%-ы жұмыс істемейді ал 41%-ы жоғары білім дәрежесіне ие.

Жақында Coursera IFC және Еуропалық комиссиямен серіктестікте жүргізген зерттеу көрсеткендей, әйелдердің 45%-ы және бала күтіміндегі әйелдердің 60%-ы онлайн оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқуды кейінге қалдырып немесе тоқтатуға мәжбүр болатынын мойындады. Сондықтан IT-Aiel бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін едәуір маңыздылық пен мүмкіндікке ие.

Жобаға қатысу үшін әйелдер қауымына сайттан өтіп өтініш беруі керек: https://education.astanahub.com/itaiel. Оқыту қорытындысы бойынша жобаның барлық түлектері оқуды аяқтағанын растайтын электрондық сертификатқа ие болады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақыру алады.

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады, ал қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады: https://education.astanahub.com/itaiel/rus. Қосалқы сұрақтар бойынша edu@astanahub.com электрондық поштасына жазып немесе бірыңғай нөмір 2222 қоңырау шалуға болады.

Astana Hub – қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін бүкіл жағдай жасалған Орталық Азиядағы ең ірі технопарктің бірі. Қазіргі уақытта технопаркте мыңнан астам қатысушы бар. Олар 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсарту стратегияларын жоспарлап және іске асырады. Әйелдер құқығын қорғау, отбасыларды қолдау және демографияны нығайту бағдарламаларын әзірлейді және жүргізеді.