- Зұлмат жылдары толағай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алып, оларды ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында 1997 жылдың 31 мамыры қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген еді. Бұл күн еліміз үшін айрықша маңызға ие, - деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.
Қуғын сүргінге ұшыраған Алаш арысы Әлмұхамбет Оспановтың ұрпағы Наурызғали Оспанов сөз сөйлеп, аталған күнде арыстарын ұмытпай, құран бағыштаған аудан тұрғындарына алғыс білдірді.