БАС ЖҮЛДЕ ҚАЗИДЫҢ ГҮЛНҰРЫНДА!
“Жайық толқыны” байқауының аудандық кезеңінен үздік атанған оқушылар облысқа жолдама алған болатын.
Облыстық кезеңде Орал қаласы мен аудандардан 16 команданың мықтылары арасында Сырым ауданынының шәкірттері де бақ сынаған болатын.
Нәтижесінде, үш күнге созылған фестивальдің алғашқы күнінде “Жас аспаз” номинациясы бойынша Қызылағаш негізгі орта мектебінің оқушысы Гүлнұр Қази бас жүлде иеленсе, осы мектептің оқушысы Қарақат Нығметжан “Жас дизайнер” аталымында белсене қатысқаны үшін марапатталды.
“Жас шебер” аталымында Көздіғара негізгі орта мектебінің оқушысы Мақсат Мақсот ІІ орын иегері атанса, жаңа аталымның бірі “Жас мобилограф” номинациясының ІІІ орыны бұлдыртылық Нұрлыбек Бисенге бұйырды.
Командалық есеп бойынша, 6 аталымның ортақ ұпай санымен ауданымыз ІІ орын иеленіп, облыс орталығынан олжалы оралды.
- Ұстаздары сенім артып, дайындаған оқушыларымыз үмітті ақтады. Келер жылы да ауданымыздың оқушыларынан көп үміт күтеміз!,- деп ағынан жарылды аудан командасына жетекшілік еткен Ерлан Ескабулов.