БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?

БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ-дан 2023 жылы берілетін зейнетақының мөлшері қандай болмақ?

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.

          Қордан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген Әдістемеге (2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістермен) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Әдістемеге сай зейнетке шыққан азаматтарға берілетін төлемдер былай есептеледі: төлем ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіледі және 12-ге бөлінеді.

Белгілі бір санаттағы алушылар, яғни мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың екеуін де қанағаттандыратын тұлғалар үшін, осы екі жағдайдағы неғұрлым жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2023 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге). Тиісінше, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 8,5% - ға ұлғайып, 28 396,9 теңге (70% * 40 567) болды.

Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі 5%-ға ұлғайып отырады.

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет, бірақ төленеді (2023 жылы біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері – 636 912 теңге = 12 * 53 076 теңге).

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған тұлғаларға төлемдер зейнетақы төлемдері тағайындалған сәтте қолданыста болған Әдістеме бойынша есептеледі: жылдық зейнетақы төлемінің сомасы ең төменгі зейнетақының отыз еселенген ең жоғары мөлшері (2023 жылы – 1 592 280 теңге = 30*53 076 теңге) мен алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне зейнетақы жинақтары сомасының көбейтіндісі ретінде есептелген шамалардан аспайды.   

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).