«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» НОМИНАЦИЯСЫ ”ХАРЕКЕТ ҚОРЫ”

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» НОМИНАЦИЯСЫ ”ХАРЕКЕТ ҚОРЫ”
📌«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» НОМИНАЦИЯСЫ
🔰”ХАРЕКЕТ ҚОРЫ”
🖇️ "Харекет" қайырымдылық қоры 2018 жылдан бері жұмыс жасайды. Қор ұсынған "1000 теңгеге баспана!" жобасы бүкіл елден қолдау тапты әрі жанашыр жандарды біріктірді.
Қордың Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі арқылы 35 мұқтаж жанұя баспаналы болды.
2022 жылы "Сырым елі" қоғамдық - саяси газетінің 21 сәуірдегі #16 санында "Ерекше күтімді қажет ететін балалар қолдауға баспанаға мұқтаж" атты материал жарияланды. Бұл мақалада көп балалы, соның ішінде науқас бала бағып отырған өлеңтілік жанұяның жайы айтылды. "Харекет" қайырымдылық қоры мақала жарық көргеннен кейін, Сырым ауданына арнайы келіп, Өлеңті ауылындағы жатақханада тұратын Абдрахмановтар жанұясының жағдайымен жіті танысты.
Мәселе шешіліп, "Харекет" қорының #684 баспанасы Өлеңті ауылынан берілді. Үйдің кілтін белгілі әнші Мақпал Жүнісова табыс етті.
Қордың Батыс Қазақстан облысындағы филиалы жетекшісі Демежан Меңдешов "Сырым елі" газетіндегі мәселелі материалдарға мән беріп, мүмкіндік жеткенше қолдау беріп отырады. Ол жымпитылық Айша Асылбекқызының да еміне жәрдем берді әрі батыр қыз үшін тегін демалыс ұйымдастырды.