БІРГЕ ЖАНКҮЙЕР БОЛАЙЫҚ!

БІРГЕ ЖАНКҮЙЕР БОЛАЙЫҚ!
Алматы қаласы “Халық арена” мұз сарайында Шорт-тректен әлем Кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Әлемнің 30 елінен келген 250-ге жуық спортшылармен жерлесіміз Абзал Әжіғалиев сынға түсуде. Жарыстың алғашқы күні Абзал 500 және ерлер эстафетасында 5000 метр қашықтықта жарыс жолына шығып, ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетсек, биылғы әлем кубогінің бірінші кезеңі Монреальда (Канада) өтіп, біздің спортшылар ерлер эстафетасында күміс жүлдеге қол жеткізе алды.
Екінші кезең Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтті. Ол жарыста Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтыққа жүгіруден күміс медаль еншілеген болатын.
10-11 желтоқсан күндері жарыстың ең қызықты сәттерін ұлттық спорт арнасынан және халықаралық конькишілер одағының (isu) (https://youtu.be/ZWWXdqoZVxo) ресми сайтынан тамашалап, жерлесміз Абзалға жанкүйер бола аласыздар.