«HALYK BANK» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ APPLE IPHONE 14 ҰТТЫ

«HALYK BANK» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ APPLE IPHONE 14 ҰТТЫ
Халық арасында апта сайын «Halyk Bank» ұтыс ойынын өткізуде. Жетінші ұтыс ойынында біздің жерлесіміз, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері (бүгінгі таңда бала күтіміне орай демалыста) Тұрсынай Сүндетова Iphone 14 ұтып алды. Ұтысты «Halyk Bank» Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Губашев ауданымызға келіп, арнайы табыс етті.
Ұтысқа ие болған Тұрсынай Тұрарбекқызы «Halyk Bank» қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ұтыстың әділ, шынайы екенін айтты. «Ұтысқа ие болам деп ойламадым. Ер азаматым инстаграм парақшасынан көріп, менің Iphone 14 ұтқанымды айтқанда, сенбеп едім. Декреттік демалыста отырған мен сияқты аналар үшін тамаша тосын сый болды», -дейді Тұрсынай ханым.
– Ұтыс ойыны банк парақшаларында тікелей эфирде әр сәрсенбі сайын жүргізіледі. Ол үшін әдейілеп ешнәрсе жасаудың қажеті жоқ. Тек «Halyk» қосымшасы арқылы түрлі төлемдер, аударымдар жасасаңыз болды. Күнделікті жасаған ірілі-ұсақты төлемдер мен аударымдардың барлығы есептеледі. Неғұрлым «Halyk» қосымшасын көп қолданған сайын, ұтысқа ие болу мүмкіндігі де артады. Ұтыс рандом – кездейсоқ сандар генераторы арқылы жүргізіледі. Бұған дейін дәл осындай ұтысқа Сырым ауданының тумасы, Тасқала ауданындағы педагог Шолпан Қадырова ие болған еді,- дейді «Halyk Bank» Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Губашев.