ТӨРЕҒАЛИЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ РЕТІНДЕ ТАҢДАЛДЫ.

ТӨРЕҒАЛИЕВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ РЕТІНДЕ ТАҢДАЛДЫ.
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы әкімін тағайындауға келісім беру үшін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысы өтті. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі аппаратының басшысы Нұртілеу Мұрат қатысты.
Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева өңір басшысы әкімі лауазымына үміткер ретінде мемлекет басшысы ұсынған екі азаматтың есімін атады. Бірі - Тасқала ауданының қазіргі әкімі Бауыржан Айтмағамбетов. Екіншісі - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев.
Депутаттардың басым дауыс беруімен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімі лауазымына таңдалды.
- Мен өңірдің даму динамикасын да, проблемаларын да жақсы білемін. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық саясат туралы тапсырмасы тікелей облыстар арқылы жүзеге асады. Елімізде шикізатқа тәуелділік, өндіріс орындарының аздығы сияқты мәселелер бар. Ауылды сақтау - облысы басшысының негізгі жұмысы. Халық болмаса, ел болмайды. - деді өңірдің жаңа әкімі.