СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-ЕР АДАМНЫҢ ҮЛЕСІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-ЕР АДАМНЫҢ ҮЛЕСІ
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу тәртібі туралы кеңес өтті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, аудандық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Күн тәртібіне қойылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу тәртібі мәселесі бойынша аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин сөз сөйледі.
Біржан Марданұлы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ұсынды. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, білім беру іс-шараларын жүйелеу, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық насихатты жетілдіру қажет. Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру жолында нүктелік профилактика, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз оқыту, салымды дербестендіру қағидаты бойынша әлеуметтік пакет, өзге ақылы қызметпен айналысу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері белгіленген.
"Бүгінгі таңда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжат болып табылады. Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингілеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған", - деп атап өтті Біржан Хайруллин.
Мемлекеттік қызметшілер өзекті сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев кеңесті қорытындылап, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға және халыққа мінсіз қызмет етуге шақырды.