- Бұл кабинеттің мақсаты - оқушылардың сабақтан тыс дамуына қолдау көрсету. Соның ішінде - кітап оқуға машықтандыру. Кабинетті жасақтауға әріптестерім - Абай орта мектебінің педагогтары атсалысты. Жаңа бөлмеде жеткіншектер сұранысындағы қазақ жазушыларының, сонымен бірге шетел авторларының кітаптары бар. Мәселен, Джоан Роулингтің "Хәрри Поттерінің" барлық томы табылады. Сонымен бірге оқушылар ұялы телефондары арқылы электронды кітаптарды да оқи алады. Білім ордасындағы орталықтың ашылу салтанаты. Республика күніне тұспа-тұс келді. - дейді мектеп директоры Гүлмира Еркетілеуова.
Ерекшелігі сол, covorking - орталықтың ашылу салтанатында лента қию рәсімі лауазымды тұлғаларға емес, оқушыларға ұсынылған. Бұл құрметті өткен оқу жылында «Үздік оқырман» аталымын жеңіп алған 4 сынып оқушысы Аңсағаным Армат пен биылғы оқу жылында аудандық «Балалар оқуы» байқауының II орын иегері 6 сынып оқушысы Ұлболсын Жаңбыр атқарыпты.
Айта кетейік, мұндай орталық ауданның басқа мектептерінде жоқ. Кеше Сарой ауылдық округіндегі жұмыс сапары барысында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа бөлменің қонағы болды.