Биылғы жылы Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойы тойланып отыр.Осы орайда аудандық балалар кітапханасында «Дарабоз батыр» атты тарихи кеш өтті.
Қабанбай батыр 18 ғасырда қазақ-жоңғар шайқасы кезінде әскери қолбасшы тұлғаларының бірі болды. Батырға көптеген ескерткіш орнатылды. Соның бірі -Стамбулдағы Бахыркөй ауданының Киікті саябағында еңселі ескерткіш бар. Қытайдың Іле аймағында Қабанбайдың есіміне берілген шың бар. Аты аңызға айналған батыр-Қаракерей Қабанбайдың қазақ халқының басына күн туғанда жасаған ерліктері мен Отанына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қаракерей Қабанбай есімі ғасырдан-ғасырға жалғасып, қазақ тарихындағы айтулы да тұғырлы тұлғалардың бірі де бірегейі екені сөзсіз.
Шараға Сырым-мектеп лицейінің 7-сынып оқушылары қатысып Қабанбай батыр жырын оқыды.