СЫРЫМДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

СЫРЫМДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Орал қаласында зейнет жасындағы ардагерлер арасында спорттың бес түрінен облыстық спартакиада өтті. «Мақсат» медициналық колледжінің спорт залында өткенс ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, ардагерлерді құттықтап, сәттілік тіледі.
Спартакиадаға сырымдық зейнеткерлерді ардагер спортшы, команда жетекшісі Ғилаж Қаналиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов бастап барды. Додадан аудан ардагерлері қанжығаны майлап қайтты. Спорттың волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі түрлерінен бақ сынаған сырымдық зейнеткерлер жалпыкомандалық есепте жүлделі екінші орын тұғырынан көрінді.
Жекелеген жарыста тоғызқұмалақтан Қанапия Қаяпбергенов дес бермей, І орынды жеңіп алды. Үстел теннисінен Нұртаза Жұмағалиев ІІ орынды иеленді. Волейбол ойынында сырымдық команда үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, шахматтан Серік Қыдырсихов, дойбыдан Абдухамит Дабаров бақ сынады. Жүлдеге ие болған жерлестеріміз ақшалай және бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Бөрлі, үшінші орынды Казталов аудандары иеленген болатын.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА