«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОБЫ БҚО-ДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОБЫ БҚО-ДА
«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған 40 күнге созылатын республикалық ақпараттық марафон аясында мобильді топтар облыс тұрғындарымен кездеседі.
Мобильді топ мүшелері 5 тамыз бен 12 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің тұрғындарына арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырады. Мобильді топ құрамында партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес-тренерлер бар.
«Ауыл АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттары айқындалып, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша сандық деректер жинақталуда. Жиналған ақпарат жобалық кеңседе талданады, одан кейін ауылдық округтердің экономикалық мамандануына сәйкес тиісті әдістемелік көмек көрсетіледі.
Жоба мақсаты:
Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру.
Жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан да кеңес ала алады.
Сырым ауданы тұрғындарымен кездесу 12 тамыз күні сағат 10:00-де Алғабас, сағат 12:00-де Жымпиты ауылында