Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы талаптарын және оны орындамау салдарларын түсіндіру

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы  талаптарын және оны орындамау салдарларын түсіндіру
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы талаптарын және оны орындамау салдарларын түсіндіру
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 2020 жылдың 25 мамырында қабылданды.
Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға шараның өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді, ол 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).
Демонстрациялар мен шерулер үшін келісілген тәртіп көрсетілген. Бұл үшін өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күн бұрын арыз беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12,13-баптары). Бұл ретте, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс. (Заңның 9-бабы).
Жергілікті өкілді органдар мұндай орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтыру нормаларын және материалдық-техникалық пен ұйымдық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын рәсімдеу, сондай-ақ пикеттеуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекараларын айқындау жұмыстарын орындайды (Заңның 8-бабы).
Одан басқа, демонстрациялар мен шерулерді өткізу ыңғайлылығын көлік пен инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жол жүру маршруттары да анықталады (Заңның 1-бабының 3-тармағы, 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 9-бабының 2-тармағы, 9-бабының 2-тармағы, 13-бабы, 1-тармағының, 4)тармақшасы).
Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Тиісінше, заңды бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.
Прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.