МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МАРАПАТ

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МАРАПАТ
23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан орталығы Жымпитыда салтанатты, мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
- Басқа кәсіби мерекелермен салыстырғанда тарихы көп болмаса да, маңыздылығы өте жоғары мереке деп білемін. Мемлекеттік қызметінің әлеуеті мықты болса, елдің де тұғыры биік болмақ.
Аудан игілігі үшін аянбай қызмет етіп, көпшіліктің алғысына бөленіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер мемқызметшілер С.Жиенқұлұлын, Ә.Ғалымұлын, С. Қалиахметұлын, Ж.Жаңатауұлын мақтанышпен айтуға болады. Олардың қол жеткізген жетістіктері сан жылғы адал еңбектің әділ бағасы,-деді Асланбек Ахметоллаұлы құттықтау сөзінде.
5-маусым республикалық референдум өткізуде өзіндік үлес қосқаны үшін мерекелік марапаттың ең жоғарғысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын Сыдық Тәжмұқан, Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты бірқатар азаматтарға табыс етілді.
Одан бөлек, кәсіби мерекеге орай облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің, облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұловтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының және де аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің алғыс хаттарымен мемқызметшілер марапатталды.
Айта кетейік, LED экран арқылы бүгінгі кәсіби мереке иелерін ұл-қыздары құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.
"Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидалары" бойынша мемқызметке жаңадан келген Жетікөл ауылдық округінің бас маманы Руслан Мырзағалиев ант берді.
Шара ауданның мемлекеттік қызметшілері мен көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.