ПРЕЗИДЕНТТЕН МАРАПАТ АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

ПРЕЗИДЕНТТЕН МАРАПАТ АЛҒАН ҚАЛАМГЕР
5-маусым күні ел үшін маңызды республикалық референдум өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінде сайлау учаскелерінде бақылаушылар бекітілген еді. Сырым аудандық сайлау учаскесінің бірінде әріптесіміз, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев та өзіндік үн қосқан болатын.
Конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын Сырым аудандық "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев қаламгерге табыс етті.