ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Сырым аудандық полиция бөлімінде 23 маусым – Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысып, тәртіп сақшыларын кәсіби мейрамдарымен құттықтады.
– Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, батыр-ақын Абдолла Жұмағалиевтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі баршамызға үлгі. «Талай тайғақ жерінде өткелектің, Бір күн күліп, бір күн жылап, жасым төктім. Бүгін міне, арымды қалқан етіп, Халқым үшін қан майданға сапар шектім»,- дейді Абдолла. Біздің топырақта туған азаматтардың Отанға, елге деген сүйіспеншілігі жоғары. Бұл үрдіс жалғасын тауып, Отанына адал қызмет ететін, халқының мұң-мұқтажын түсіне білетін, еліне жаны ашитын азаматарымыз көп болады деген ойдамыз. Атқарып жатқан қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін. Отбасыларыңыз аман болсын! Бойларыңыздан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек кетпесін. Мереке құтты болсын!-деді Асланбек Ахметоллаұлы.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Әлімбекеров сөз сөйлеп, жеке құрамның еңбегімен жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды атап, ашылған қылмыстарды саралады.
Аудан прокуроры Нартай Байменов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Мұрат Сәрсеев, ардагер полицей Алтай Жұмажановтар кәсіби мереке иелерін құттықтады.
Ербол Еркінұлы «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік медалін ішкі істер органдарының ардагері Демеуғали Беркалиев, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бағдат Сыдықов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбек Әділғалиевтердің өңіріне тақты.
Алтынбек Ермұханов, Жарқын Төлеушов, Нұрхат Құсайынов, Нұржан Жұматаев, Сұлтан Халиолли, Айтжан Балорақов, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің алғыс хатына ие болды.
Әділет Төлеғұлов, Данара Ишмұханова, Рауан Құмарғалиев Сырым ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығының алғыс хаты Қадырбек Ғабдуллин, Жанболат Аязбаев, Еркебұлан Тапаев, Ерсұлтан Хайроварға табысталды.