Шараға келген балаларға мәдениет қызметкерлері түрлі кейіпкерлер кейпінде көңілді ойындар ойнатып, ақындардың өлеңдерін жатқа айтқызып, естелік сыйлықтар табыс етті.
- Балалар жылында ғана емес күнделікті өмірде саналы ұрпағымыз болғанын қаласақ, олардың тек білімде емес, бос уақытында тиімді өткізулерін басты назарда ұстауымыз керек. Аталмыш шаралар әр сенбі сайын өтетін болады, - деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.
Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әсем әндерін әуелетсе, биші қыздар мың бұрала биледі.