СЫРЫМДЫҚТАР АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ.

СЫРЫМДЫҚТАР АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ.
 
Бүгін сырымдықтар Жымпитыдағы орталық мешітте айт намазын оқыды.
Намаз алдын Сырым ауданының бас имамы Қуанғали ҚУАНЫШҰЛЫ жерлестерін Ораза айт мерекесімен құттықтады.
- Рамазанның бізге берген саябағы мол. Ораза бізге денсаулықтың, ас - судың, уақыттың қадірін үйретті. Сабырлы, төзімді, қанағатшыл болуға баулыды. Рамазан бізді жаңа достармен дастархандас етті, бір сапқа тұрғызды.
Ораза ораза біткеннен кейін басталады. Тек бір айда емес, Алланың разылығын іздеген жан өмір бойы күнәдан тыйылып жүруі тиіс.
Жамағаттың білімі мен бірлігі артсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! - деді бас имам.
Айт ғибадатынан кейін мешіт ауласында спорттық жарыстар өтті.