2021 жылғы 28 қарашада Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

2021 жылғы 28 қарашада Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

2021 жылғы 28 қарашада Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Бұлдырты сайлау округі

Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:сайлаушылар тізіміне 1346 азамат енгізілді.

Дауыс беруге 1346 сайлаушының 1126-і қатысты (83,7%)

Әрбір кандидат үшінберілгендауыстар саны:

Бисенгалиев Д.К. –112; Ессултанов Ж.С. –80; Нурпейсов С.Ж. –925.

Бұлдырты ауылдық округінің әкімі болып Нурпейсов Салауат Жолаевич сайланды. 1976 жылы туған. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. БҚО Сырым ауданы Жыпиты ауылының тұрғыны. "Nur Otan" партиясы ұсынды, "Nur Otan"партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 28 қарашада сайланған Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округ әкімін тіркеді.