СЫРЫМДЫҚТАР ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ОРЫСША НҰСҚАДА ДАЙЫНДАЛҒАНЫНА НАРАЗЫ.
Бүгін Сырым ауданындағы қоғамдық ұйым өкілдері ҚР 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылады. Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов төрағалық етті.