Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл

Аудан орталығы Жымпитыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан аудан біріншілігі өтті.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов 12 командаға сәттілік тіледі. Ойынның нәтижесінде, Қособа ауылдық округінің командасы ІІІ орынға табан тіресе, Жосалы ауылының спортшылары ІІ орын, Бұлдырты ойыншылары І орынға лайық деп танылды.Жүлдегер командалар мен ойыншыларға аудандық «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов пен Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев диплом және ақшалай сыйлықтарды табыс етті.