Шілде айының 31-і күн тәртібі бойынша Бұлан ауылдық округінің әкімі болып жаңадан тағайындалған Әділгереев Мұрат Меңдібайұлын ауыл активіне таныстыру жиыны өтті

Шілде айының 31-і күн тәртібі бойынша Бұлан ауылдық округінің әкімі болып жаңадан тағайындалған Әділгереев Мұрат Меңдібайұлын ауыл активіне таныстыру жиыны өтті

Шілде айының 31-і күн тәртібі бойынша Бұлан ауылдық округінің әкімі болып жаңадан тағайындалған Әділгереев Мұрат Меңдібайұлын ауыл активіне таныстыру жиыны өтті. Жиын аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов және ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті. осыған дейін ауыл әкімі қызметін атқарып келген Тимур Берікұлына аудан әкімінің атынан алғыс хат және сыйлық табысталды.

Жиында Бұлан және Жамбыл ауылдарының тұрғындары сөз сөйлеп, олар Тимур Берікұлының атқарған қызметіне алғыстарын жаудырды. Ал жаңадан тағайындалған Мұрат Меңдібайұлына сәттілік тілеп, алдағы уақытта ауыл қызметтерінде қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.