Әкімдерді сайлау қалай өтеді ?

Әкімдерді сайлау қалай өтеді ?

Әкімдерді сайлау қалай өтеді ?

Cырым ауданында 1 аумақтық (7 комиссия мүшесі) және 29 учаскелік (153 комиссия мүшесі) сайлау комиссиялары жұмыс істейді.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауын өткізуге байланысты ағымдағы жылдың 9 маусымында аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссия төрағалары және хатшыларының біліктілігін арттыру мақсатында облыстық сайлау комиссиясымен ұйымдастырылған семинарға барлығы 11 адам оқудан өтіп, сертификаттар алды.

Ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айларында  Аралтөбе, Бұлдырты, Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Осы ауылдық округтер бойынша 11 учаскелік сайлау комиссиялары және құрамдарында 57 мүшелері жұмыстануда.  Дауыс беретін сайлаушылардің  саны 3300 адам.

Сайлаушылар ауылдық округтер әкімдерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.

Атап айтқанда, сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар және "Бәріне қарсымын" деген жол енгiзiледi. 

Саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш береді.

Ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, бұл ретте аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға ал, саяси партия бір сайлау округінде  бір кандидат ұсынуға құқылы.

Ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс.

Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.

Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер қажет:

1) тегі, аты және әкесінің аты;

2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;

3) туған күні, айы және жылы;

4) тұрғылықты жерінің мекенжайы;

5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.

 

Сырым аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                   Өтеген Уашев