ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сырым және Қаратөбе аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдері далалық өрттер мен құрғақ шөптің жануын сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында, Қаратөбе, Сырым аудандарының шекарасында, ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында, далалық жанулар мен өрттерді сөндіруге бейімделген техникалармен жабдықталған еріктілердің дайындық сапасы, өрт сөндіруді ұйымдастыру мен бірлескен іс-қимылдарына басты назар аударылды.