СЕРІКТЕН ДӘСТҮРЛІ КӨМЕК

СЕРІКТЕН ДӘСТҮРЛІ КӨМЕК

СЕРІКТЕН ДӘСТҮРЛІ КӨМЕК

 

Қасиетті Рамазан айында Сарой ауылдық округінің Көздіқара ауылының "Серік" шаруа қожалығының жетекшісі Серік Мутиев ауылдық округтің жалғыз басты, әлеуметтік көмекті қажет етуші 25 отбасына бірінші кезектегі азық түліктер ұн, макарон, күріш, шағу май мен ірі қара малын сойып еттей таратып берді.

Серік Мутиев соңғы жылдарда елдегі карантиндік режим, пандемия кезінде ауылдастарына осындай көмек көрсетуді үрдіске айналдырды.

Серікке разы болған ауыл тұрғындары: "Қасиетті Рамазан айында жасаған қайырымдылығы Алладан еселеп қайтсын! — деп тілек білдіруде.