СЫРЫМДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІ

СЫРЫМДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІ

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұртілеу Болат бастаған жастар аудан орталығы Жымпитыдағы "М-32" көпшілік тамақтану кафесіне, "Жібек жолы" автокешеніне арнайы барып, жолаушылардың жылы лебізін естіп қайтты.

Орталық басшысының айтуынша, ауданымызға тұрақтаған жолаушылар өзге ұлт өкілдері болса да Қазақстанға құрметтері ерекше екенін байқатты.

Тіпті, өзбек азаматы "Қазақстан- менің Отаным ғой" деп жүрегімізді елжіретті.

- Затымыз түрік болғанмен, қазақпен жанымыз егіз, тіліміз бен діліміз ұқсас. Оның айқын дәлелі, 1- мамыр қазақтарда "Бірлік күні" болса, Түркияда "Еңбек күні", -дейді түрік азаматы.

Иә, ұлтымыз, тіліміз бөлек болғанмен бәріміз бір түркі халықтарымыз. Бірлігіміз бекіген, ынтымағымыз жарасқан ел болайық!