МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АУЫЗАШАР

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АУЫЗАШАР

1-мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен аудандық мешіттің ұйымдастыруымен жолаушыларға "Тоқта, қане, Бауырым, Берік болса ауызың" атты ауызашар қоржынын тарату шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты бірлігі бекем еліміздің татулығын өзге ұлт өкілдеріне көрсету, қасиетті Рамазан айында жолаушыларға ауызашар беріп, сауабын, ризашылығын алу.

- Бір ерекшелігі, мейрамды сезгендей, өзге ұлт өкілдерімен жиі ұшырасып, олардың да алғысына бөлендік. Қуантарлығы, кейбір көлік салонында отырғандардың барлығы ауыз бекіткен жандарды да көрдік.

Бірлік күнімен тұстасып келген оразаның 18-күніне дейін 1120 ауызашар қоржынын таратып үлгеріппіз,-дейді аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай.