ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІ "ЖАУҚАЗЫН" БИ АНСАМБЛІ

ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІ "ЖАУҚАЗЫН" БИ АНСАМБЛІ

Орал қаласында Халықаралық би күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тұңғыш рет "Биле, Ақжайық!" би ансамбльдерінің сайысы қорытындыланды.

Аталмыш байқауда аудан намысын қорғап, Бақтыханым Лұқпанқызы жетекшілік ететін "Жауқазын" би ансамблі "Қазақ биінің стилизациясы" аталымы бойынша І орынды еншілесе, "Жеке қазақ биінің стилизациясы" Марина Жолсариева, "Жеке қазақ ұлттық биі" номинациясында Айжан Қайыржанова ІІ орынға лайық деп танылды.

Талантты шәкірттерді еліміздегі түрлі этностардың билеріне деген қызығушылық пен құрметті арттыруда қосқан үлесі үшін ансамбль жетекшісі Б.Лұқпанқызы Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың алғыс хатына ие болды.

- Қатысушылардың басым бөлігі қалалық мектеп оқушылары, "Қарақат" би студиясының бишілері белсене қатысты. Қарсыластардың арасынан суырылып шығып, көш бастаймыз деп күтпедік әрине, бірақ, төгілген тер, еңбек зая кетпеді. Үміт ақталды деп білеміз,-дейді ансамбль жетекшісі.