«HALYK BANK» ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«HALYK BANK» ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«HALYK BANK» ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Өңірлерде «Halyk Bank» АҚ «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен «Ел тірегі –Елбасы» атты қайырымдылық акциясы оздырылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ізгі шарадан сырымдықтар да тыс қалмады. Ауданымыздың барлық ауылдық округтерін қоса алғанда 24 отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді. Қайырымдылық акциясы аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қамтыды. Аудан орталығында ұйымдастырылған ізгі шараға Жымпиты ауылдық округінің әкімі М.Қайырғалиев, банктің аудандағы филиалының басшысы Г.Табишева және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары қолдау көрсетті.