СЫРЫМДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЕКПЕ АЛУДА

СЫРЫМДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЕКПЕ АЛУДА

Медицина қызметкерлеріне вакцина салу жұмыстары өңірлерде жалғасып жатыр. Кеше сырымдық дәрігерлер індетке қарсы екпе салдырды. Бұл ақпаратты Сырым аудандық орталық ауруханасының ресми парақшасы таратты:

Бүгін Сырым аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Олардың қатарында COVID – 19  індетімен күресіп жүрген мамандар бар. Ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдыруға келген медқызметкерлер бірінші дәрігерлік тексеруден өтіп, сосын екпе алды. Екпе жүргізілгеннен кейін арнайы күту залында жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. – деп жазылған парақшада.

Екпе алған мамандардың жағдайы бірқалыпты.